Спорт
1 мин оқу 230

Беннеттің бабы келісіп тұр

<p style="text-align: justify;">&laquo;Вуэльта&raquo; көпкүндігінің үшінші кезеңі Нидерландтың Бреда қаласында өтті. Бұл бәсекеде де 22 жастағы велошабандоз Сэм Беннеттің бағы жанды.</p>

Беннеттің бабы келісіп тұр

Германияның BORA-hansgrohe клубы сапында өнер көрсетіп жүрген ирландиялық спортшы 193,2 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 05 минут 53 секундта жүріп өтті. Осы­ның алдындағы 2-кезеңде де Беннет мәре сы­зығын бірінші болып қиған еді. Ал бұл жолы екінші және үшінші орындарды даниялық Мадс Педерсен Trek-Segafredo мен ұлы­бри­таниялық Даниэль Маклэй Team Arkéa Samsic иеленді. «Астананың» өкілі Евгений Федоров мәре сызығын 26-шы болып қиып өтті.

Жалпы есепте Нидерландтың Jumbo-Visma командасының намысын қорғап жүрген 26 жастағы италиялық саңлақ Эдоардо Аффини көш бастап келеді. Оның уақыты – 8 сағат 20 минут 07 секунд. Одан кейінгі орындарда да дәл сол клубтың мүшелері. Олар – нидерландтық Сэм Оомен мен словениялық Примож Роглич. «Астананың» сапындағы италиялық легионер Винченцо Нибали 61-сатыға жайғасты.

Бөлісу:
Беннеттің бабы келісіп тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар