Спорт
1 мин оқу 192

Шымкенттіктерге жолдама бұйырмады

<p style="text-align: justify;">Футболдан әйелдер арасындағы Чем&shy;пиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі артта қалды. Өкінішке қарай, &laquo;БИИК-Шымкент&raquo; бұл жарыста сәт&shy;сіз өнер көрсетті.</p>

Шымкенттіктерге жолдама бұйырмады

Алғашқы кездесуін жерлестеріміз өте жақсы өткізген еді. Хорватияның «Спли­тіне» қарсы бәсекеде шымкенттік футболшылар ширақ қимылдап, алаң иелерінің тас-талқанын шығарды. Бұл матч­та Грейс Чанда 18, 49 және 64-минуттарда нысананы дәл көздеп, хет-трик жасады. 58-минутта Гүлнар Габелия мергендік танытса, 88-минутта Екатерина Бабшук 11 метрлік нүктеден допты торда тулатты. «Сплиттің» сапындағы ойыншылар арасынан тек 77-минутта Селма Капетанович гол соқты. Есеп – 5:1.

Келесі кездесуді біздің қыздар Украина­­ның «Жилстрой-2» клубына қарсы өт­кіз­ді. Өкінішке қарай, бұл бәсекеде жер­лес­теріміз білгендерінен жаңылып, 0:2 есе­бімен жеңіліс тапты. Осының салдарынан «БИИК-Шымкент» аталған жарыстың екінші кезеңіне шыға алмады.

Бөлісу:
Шымкенттіктерге жолдама бұйырмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар