Спорт
1 мин оқу 394

«Ақтөбе» алға шықты

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары өтті. Бұл кезең&shy;дегі кездесулер арқылы қай коман&shy;да&shy;ның көш бастайтыны анықталуға тиіс еді.</p>

«Ақтөбе» алға шықты

Сол мүмкіндікті «Ақтөбе» ұтымды пайдаланды. «Ордабасына» қарсы ойында бірден тізгінді қолға алған алаң иелері төреші белгі берген бетте допты торда тулатты. Жылдам соғылған голдың авторы – Дос Сантос Роджерио Алвеш. Арада 10 минуттан аса уақыт өткенде Елхан Астанов таразы басын теңестірді. Десек те, шымкенттіктердің қуанышы ұзаққа созылмады. 27-минутта Алвеш дубльдің авторы атанса, матчтың соңғы минуттарында Юго Видмон мергендік танытты. Есеп – 3:1. Осы жеңісінің арқасында «Ақтөбе» жарыс кестесінде бірінші орынға шықты. Олар 16 кездесуден кейін 32 ұпай жинап отыр.

Өзге ойындардың нәтижелері мынадай: «Ақсу» – «Қайрат» 1:2, «Астана» – «Қызыл­жар» 1:0, «Тобыл» – «Тараз» 2:2, «Ақжайық» – «Кас­пий» 2:0, «Шахтер» – «Атырау» 0:0 және «Мақтаарал» – «Тұран» 2:0.

Бөлісу:
«Ақтөбе» алға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар