Экология
1 мин оқу 944

Ақтауда итбалық адамға тағы шабуылдады

<p style="text-align: justify;">25 жастағы ер адам жағаға жақын жерде жалғыз шомылып жатқан кезде итбалық оған шабуыл жасағанын айтты. Жануар оны қолынан тістеп, арқасы мен иығына сызат түсірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Барлығы итбалықтарды сүйкімді және қауіпсіз тіршілік иелері деп санайды. Бірақ бұл олай емес, олар да жыртқыштар және теңізде өздеріне қорек іздейді», деп жазады зардап шеккен ер адам әлеуметтік желіде.

н

Бұған дейін итбалықтың екі қызға шабуыл жасағаны туралы хабарланған еді. 16 қыркүйекке дейін зардап шеккендерге құтырмадан вакцинация жасалады.

Экологтар сүтқоректілердің агрессивті мінез-құлқын өздерінің табиғи ортасын қорғаумен байланыстырады. Таяз суда итбалықтардың пайда болуының тағы бір нұсқасы – балық аулау.

«Зардап шеккендер - итбалықтардың тіршілік ету ортасына енген адамдар. Менің ойымша, мемлекет итбалықтарды өздерін жайлы сезінетін ортамен қамтамасыз етуі керек», деп пікірін білдірді Kaz Eco Patrol қоғамдық қозғалысының жетекшісі Тимур Елеусізов.

Бөлісу:
Ақтауда итбалық адамға тағы шабуылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар