Қоғам
1 мин оқу 280

Қазақстанда Hyundai көліктерінің кейбір маркалары өндірісін тоқтатты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда Hyundai Accent пен Hyundai Creta модельдерінің өндірісі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Astana Motors компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан жиынтықтауыштар жеткізілімі тоқтатылды. Осы уақытқа дейін кәсіпорын қорда қалған жиынтықтауыштарды пайдаланып жұмыс істеді, сондай-ақ Hyundai Motor Company-мен басқа елдерден жиынтықтауыштарды жеткізуге шұғыл квота туралы келісті. Қазіргі уақытта болашақтағы жеткізілімдер және жаңа логистикалық тізбектер туралы мәселе пысықталуда», делінген компания хабарламасында.

Бөлісу:
Қазақстанда Hyundai көліктерінің кейбір маркалары өндірісін тоқтатты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар