Оқиға
1 мин оқу 354

Елордада бірнеше ғимаратқа «бомба» қойылды

<p style="text-align: justify;">Астананың бірнеше ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат елді дүрліктірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 03:50-де авиациялық қауіпсіздік инспекторы «102» арнасына қоңырау шалып, әуежайдың электронды поштасына астанадағы соттардың барлық ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскенін айтқан.

«Сағат 09:11-де «Парк INN» қонақүйіне, емханаға, сонымен қатар «Mega Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығына бомба қойылғанын туралы дәл сондай хабарлама түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ», деп атап өтті департаменттен.

Бөлісу:
Елордада бірнеше ғимаратқа «бомба» қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар