Ауа райы
1 мин оқу 130

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктерінің мәліметіне сәйкес, еліміздің тоғыз облысының тұрғындарына дауыл туралы ескерту жіберілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Ақмола облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде -2°C аяз түседі.

Күндіз Атырау облысында + 35°C қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында – қатты ыстық +35°C. облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде -2°C аяз түседі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі, топырақ бетінде -2°C аяз болады, облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Шымкентте жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, Түркістанда жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с күшейеді, облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел тұрады, Таразда солтүстік-шығыстан күндіз жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар