Президент
1 мин оқу 170
Бүгін Мемлекет басшысы Әзербайжанға барады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады», делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу: