Елордада «Үздік шиномонтажшы-2022» байқауы өтеді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Үздік» жобасы аясында елордада автосервистің барлық өкілдері арасында «2022 жылдың Үздік шиномонтажшысы» байқауы өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Байқаудың мақсаты – осы мамандық түрін танымал ету, кәсіби дағдыларды жетілдіру, автомобильдерге қызмет көрсету сапасын арттыру және т.б.
«Үздік жобасы» NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге және жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Байқау демеушісі - «Alem Auto Trade» ЖШС шина орталығы.
Байқауды биыл 24 тамызда Мустафина көшесі, 48 орналасқан «Alem Auto Trade» шина орталығында өткізу жоспарланып отыр, оған 20-дан астам адам қатысады.