Елорда
1 мин оқу 360

Елордада құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салынып жатыр

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда шатыр және қасбет материалдарын шығаратын зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://forbes.kz">Forbes.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p> <p style="font-weight: 400; text-align: justify;">&nbsp;</p>

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауыттың құрылыс алаңына капсула салынды. Жаңа кәсіпорынды «Самұрық-Қазына Констракшн» компаниясы салып жатыр.

«Зауыт өнімдері тек ішкі нарыққа ғана емес, көрші елдерге де экспортталады. Сондай-ақ шатыр және қаптау материалдары бұрын дайын күйінде Ресейден, Қытайдан және Финляндиядан әкелінген», деді Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.  

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 630 000 металл жабын элементтері мен 2 200 000 жабын материалдарын шығарады деп жоспарланып отыр.

Өндіріс іске қосылса, 70-ке жуық жұмыс орны ашылады. Құрылыс процесіне 90-нан астам адам тартылады. Зауыттағы алғашқы өнім 2023 жылдың қыркүйегінде шығарылады деп жоспарлануда .

Бөлісу:
Елордада құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салынып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар