Әлем
1 мин оқу 175

Нигерияда тырысқақтан 91 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Нигерия ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (NCDC) мәліметі бойынша елде қаңтар айының бері тырысқақтан қайтыс болғандар саны 91-ге жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Осы уақыт ішінде індет Абуджа қаласында және Африка елінің 31 штатына тарап үлгерген. Бұл аймақтарда тырысқақ инфекциясының 3 610 жағдайы анықталған. 

Айта кетейік, тырысқақ «Вибрион» бактериясы арқылы жұғады. Ол адам ағзасына тамақ және су арқылы беріледі және ауыр диарея тудырады. Емделмеген жағдайда соңы өлімге әкелуі мүмкін.

Бөлісу:
Нигерияда тырысқақтан 91 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар