Оқиға
1 мин оқу 282

Үндістанда белгісіз вирус тарап жатыр

<p style="text-align: justify;">Ғалымдар оның қандай вирус екенін анықтауға тырысып жатыр. Белгісіз вирус қазірдің өзінде қызанақ тұмауы деген бейресми атауға ие, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> РБК-Украина-ға сілтеме жасап.</p>

Мұндай атау науқастың денесінде пайда болатын қызыл көпіршіктерге байланысты берілсе керек. Вирус өте жұқпалы және тығыз қарым-қатынас кезінде екінші адамға оңай жұғады. Мысалы, әртүрлі заттарды ұстаған соң қолыңызды аузыңызға, бетіңізге апарған жағдайда белгісіз вирусты оп-оңай жұқтырып аласыз. 

«Бұл - сирек кездесетін  эндемиялық инфекция және адам өмір үшін аса қауіпті емес. Дегенмен COVID-19 пандемиясы кезеңінде мұндай індетті  жұқтырып алудан сақтанған жөн», деп жазылған хабарламада. 

Жаңа вирус жаңбырлы маусымда Үндістанда жиі кездесетін және шыбын-шіркей тасымалдайтын коронавирус, чикунгунья және безгекке өте ұқсас.

Бөлісу:
Үндістанда белгісіз вирус тарап жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар