Елорда
1 мин оқу 620

Елордада мектеп жәрмеңкесі өтеді

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Елордада Demalys promenad аллеясында 25-28 тамыз аралығында &laquo;Мектепке жол&raquo; жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Жәрмеңке 25-28 тамыз аралығында таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін өтеді.

Жәрмеңкеде кәсіпкерлердің де, отандық өндірушілердің де тауарлары төмен бағамен ұсынылады.

Сөрелерде ата-аналар мен балалар мектеп керек-жарақтарының барлық түрлерін таба алады. Онда қаламдар, дәптерлер мен түрлі-түсті бояулардан бастап рюкзактар мен мектеп формаларына дейін болады.

Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, атап айтқанда, «Құқық» қоғамдық қорының және балалар мен ата-аналарға арналған психологиялық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда, бұл ретте балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың заңдық, әлеуметтік және психологиялық консультациясын алу мүмкіндігі бар.

Мектеп жәрмеңкесі концерттік бағдарламамен жалғасады.

Бөлісу:
Елордада мектеп жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар