Аймақтар
1 мин оқу 262

Зейнеткер ауылына көпір салып берді

<p style="text-align: justify;">Немере-шөберелерінің алаңсыз мектепке барып-келуін ойлаған Әжекбар бүгінгі буынға үлгі боларлық іс атқарды. Нақтырақ айтсақ, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Әжекбар Қорғанбеков жаяу жүргіншілер көп жүретін &laquo;Ақтөбе&raquo; каналының бойына шағын көпір салып берді.</p>

Зейнеткер ауылына көпір салып берді

Каналдың екі жағасын жағалай отырған тұрғындар бұған дейін тозығы жеткен ескі көпірден өтіп, мектепке баратын балаларының жағдайына алаңдап келген еді. Көпірден отыздан аса отбасының 60-қа жуық баласы мектепке ба­рып-қайтады. Бүгінде жаңадан салынған көпір ата-аналардың уайы­мын сейілтіп, тұрғын­дарға қуа­ныш сыйлады. Ауыл­дас­тары өнегелі істерімен елге сыйлы болған Әжекбар қарияға алғысын айтуда. Ұзақ жылдар бойы механизатор болып еңбек еткен Әжекбар Қорғанбеков бү­гінде 84 жасқа толып отыр. Бейнетінің зейнетін көрген ақсақал көпірді салу мәсе­лелесі көтерілгенде қарап отыра алмағанын, туған елге азаматтық парызын осын­дай өнегелі істерімен өтеу­ді жөн санағанын айтады. «Халық көпірдің игілігін көрсін, еліміз өркендеп, ауылдарымыз көркейе бер­­сін. Оған қариялар қолы­мыздан келгенінше, ден­сау­лығымыз жарағанша үлес қосуымыз, үлгі көр­сету, ақыл-кеңесі­мізді айтып оты­­­руымыз қажет», дей­ді Әжек­бар ата.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Зейнеткер ауылына көпір салып берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар