Қоғам
1 мин оқу 120

Әлеуметтік төлемді электронды форматта ресімдеуге болады

<p style="text-align: justify;">Жүктілікке, босануға және жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішті енді Электронды үкімет порталы (eGov.kz порталы) арқылы беруге болады.</p>

Әлеуметтік төлемді электронды форматта ресімдеуге болады

Жоғарыда көрсетілген тө­лемге өтініш беру бойынша қызмет көрсетудің элек­трон­ды форматы Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау минис­тр­лігінің, Цифрлық даму, инно­вациялар және аэро­ғарыш өнер­кәсібі ми­нис­трлігінің және «Ұлттық ақ­параттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысы шеңберінде іске асырылды. Бұ­рын өтініштер ХҚО арқылы қағаз түрінде қабылданған болатын.

eGov.kz порталы арқылы өтініш беру үшін басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға кө­мек» тармағын таңдап, тиісті қыз­метті табу керек.

Осыдан кейін пайдаланушы порталда авторизациялануы, онлайн қызметке тапсырыс беруі, барлық міндетті қатарларды тол­тыруы, талап етілетін файлдарды тіркеуі және ұсынылған нұс­қа­лардың бірімен өтінімге қол қоюы қажет.

Өтінімді eGov.kz порталында қарау мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Сомасы көр­сетілген төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке ка­бинетіне жіберіледі.

Электронды құжат немесе сұрау салу нә­ти­жесі туралы хабарлама одан әрі жеке кабинетте, «Қыз­мет­тер­ді алу тарихы» бөлі­мін­де қол­жетімді болады.

Аталған қызметті eGov.kz порталы арқылы алу үшін жұмыс берушінің кадр қыз­меті толтыратын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен (бұдан әрі – E-HR) электронды мәліметтер қажет екені ай­та кету керек. Сондықтан әлеует­ті көрсетілетін қыз­мет­ті алушы жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысқа шығу туралы тиісті деректердің E-HR-ге ен­гізілгенін нақтылауы қажет

Бөлісу:
Әлеуметтік төлемді электронды форматта ресімдеуге болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар