Қоғам
2 мин оқу 292

Пойыздар неге шұғыл тоқтайды?

<p style="text-align: justify;">Алматыда тек биылдың өзінде пойыз машинистері 110 рет шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болған. Неге? Мұндай келеңсіздікке қауіпсіздік ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен автожүргізушілердің бейжайлылығы, малдың рельс үстінде жайылуы себеп болған.</p>

Пойыздар неге шұғыл тоқтайды?

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг­те «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «ЖТ Алматы бөлімшесі» бас ин­же­нерінің міндетін атқа­ру­­шы Александр Игошен: «Осы жылдың тек 7 айында те­мір­жол­дың Алматы филиа­лы­ның шекарасында локомотив бригадаларына шұғыл те­же­гіш­ті 110 мәрте басуға тура келді, оның ішін­де 5 оқиға өліммен аяқ­тал­ды. По­йыз­ды шұғыл тоқ­та­ту саны­ның азай­­ға­ны­на қарамастан, ста­тис­тика өте жағымсыз», деген мәлі­мет­терді келтірді.

Қай кезде де теміржол­шы­лар апаттардың алдын алу, әсіресе адамдардың пойыз астына түсіп қалуын болдырмау үшін қолдан келген шаралардың бәрін де жасап жатады. Мысалы, желілік по­ли­ция бөлімімен бірлесіп рейдтер жүргізіледі, түсіндіру жұмыстары, оқу орындарында кездесулер өтеді. Арнайы сақтандыру плакаттары ілініп, жаяу жүргіншілер көпірлерін салу мәселелері жергілікті атқа­­ру­шы органдармен бірле­сіп пы­сық­талып жатады.

Егер осы амал-шараларды нақ­­тылайтын болсақ, биыл 2 мыңнан астам адамды қамтыған кез­десулер мен Алматы-1 стан­са­сындағы жо­ғары­дағыдай оқи­ға­лар жиі тір­ке­летін 10 учас­кеде рейд өткі­зілген.

«Теміржолдың жанында тұ­ра­тын адамдар қозға­лыс қа­­уіп­сіздігін естен шығар­ма­ған­­д­ары жөн. Олар белгі­лен­бе­ген орындарда жолдарды ке­сіп өтпеуі, теміржол көлігі нысандарында ойын-сауықтар өткізбегені абзал. Жолаушылар пойы­зы­ның жылдамдығы саға­ты­на 140 шақырымға жетеді, ал жүк пойыздары сағатына 110 ша­қырым жылдамдықпен жүреді, салмағы 7 мың тоннадан асады. Мұндай кезде локомотив бригадасы жолда кедергіні бай­қаса, шұғыл тежегішті қол­дануы әбден мүмкін. Ал локо­мотивті оқыс тоқтатқан кез­де жол­дың сапасына, по­йыз­дың сал­мағы мен жыл­дамдығына байланысты кемінде 500 метр, ал кейде бір шақырымнан ар­тық қашықтық қажет болады. Бұл автокөлік емес, онда бірнеше метр қашықтықта тоқ­тау­ға немесе бір жаққа бұруға болады», деді ҚТЖ спикері.

Александр Игошен по­йыз­дарды шұғыл тоқтату темір­жол қозғалысына кері әсер ететінін алға тарта келе: «Пойыздардың қоз­ғалысы адамдардың, мал немесе автокөліктің кесірінен оқыс, жоспарсыз тоқтаған кезде үзіледі. Қозғалыста осындай іркі­­лістер орын алып жатады, бұл күтпеген шығын әкеледі», деді.

Қалай десек те, бала­лар­дың теміржолдарда ойнауы, әлеу­мет­­тік желілер үшін ро­ликтер түсі­рілуі темір­жол­шыларды қат­­ты алаң­датады. Спикердің айтуын­ша, теміржол көлігі ны­­сан­дарын­да бейнероликтер түсі­ру, құлақ­қап­пен музыка тыңдау, әсіресе капюшонды киіп алу өте қауіпті. Өйткені мұндай жағ­­­­дайда локомотив сигналдары естілмей немесе байқалмай қа­­­лады.

Сонымен спикер сөзінің со­ңында елді теміржол тәр­тіп ере­желерін мүлтіксіз сақ­тау­ға шақырды.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Пойыздар неге шұғыл тоқтайды? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар