Қаржы
1 мин оқу 340

Доллар бағамы өсті

<p style="text-align: justify;"><a href="https://kase.kz/ru/news/show/1487627/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">KASE</a> Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 2,76 теңгеге көтеріліп, 465,05 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қытай юанінің орташа бағамы көтеріліп, 67,86 теңгені (+0,51) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ, ал рубль бойынша әлі аяқталған жоқ.

Ұлттық банк еуроны 459,62 теңгеге, ресей рублін 7,7 теңгеге белгіледі.

Қазіргі уақытта айырбас пункттерінде америкалық долларды 467-472 теңгеден, еуроны 469-475 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 7,2-7,7 теңге.

Сондай-ақ 25 тамыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да біршама өсті.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны барреліне $101,84 құрады, бұл алдыңғы бағадан 0,61%-ға жоғары.

NYMEX Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында қазан айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы 0,51%-ға қымбаттап, бір баррелі $95,37 болды.

Бөлісу:
Доллар бағамы өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар