Аймақтар
1 мин оқу 142

БҚО-да «Қазпошта» қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырған

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында &laquo;Қазпошта&raquo; АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«ҚМА БҚО бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау дерегін анықтады. Барлығы 37 миллион теңгеден аса ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдары ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 миллион теңгедан аса қаражатын иемденіп алған», делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.

Бөлісу:
БҚО-да «Қазпошта» қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар