Әлем
1 мин оқу 690
iPhone 14 қашан шығады
<p style="text-align: justify;">Apple компаниясының биылғы таныстырылымы 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> компания <a href="https://www.apple.com/apple-events/">сайтына</a> сілтеме жасап.</p>
Күзгі таныстырылым Apple Park кампусындағы «Стив Джобс» театрында өтеді.
Apple тұсаукесерде iPhone 14 смартфондар желісін және Apple Watch Series 8 смарт-сағатын таныстыруы керек. Сонымен қатар, компания iOS 16 және басқа микробағдарламалардың шығу күнін жариялайды.
Сонымен қатар Apple тұсаукесер аясында Apple Watch SE 2 және Apple Watch Pro-ны таныстыруы мүмкін. Бұл туралы бұрын Bloomberg сарапшысы Марк Гурман хабарлаған болатын.
Бөлісу: