Ауа райы
1 мин оқу 112

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">26 тамыз күні республиканың бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Ақмола облысының батыс, солтүстік, оңтүстік бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, тұман түседі.

26 тамызда күндіз Атырау облысында 35 градус ыстық болады. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының солтүстік бөлігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 18 м/с дейін жетеді.

Павлодарда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 18 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар