Спорт
1 мин оқу 184

«Астана» топ ортада келеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">&laquo;Вуэльта&raquo; көпкүндігінің бесінші кезе&shy;ңі аяқталды. Өкінішке қарай, &laquo;Аста&shy;наның&raquo; велошабандоздары көңіл көн&shy;шітерлік нәтиже көрсете алмай келеді.</p>

«Астана» топ ортада келеді

Испанияның солтүстігіндегі Ирун мен Биль­бао қалаларын жалғастыратын 187 ша­қырымдық қашықтықта Вадим Пронский сегізінші орынды иеленді. Жерлесіміз бірін­ші орынды олжалаған испаниялық Марк Со­лерден (UAE Team Emirates) біраз қалып қойды. Екінші және үшінші орындарды ОАР-дың өкілі Дэрил Импи (Israel - Premier Tech) мен ұлыбританиялық Фред Райт (Bahrain – Victorious) еншіледі.

Жалпы есепте Парижде іргетасы қаланған Groupama – FDJ клубы сапында өнер көрсетіп жүрген 32 жастағы Руди Молар көш бас­тады. Фред Райт екінші орынға көтерілсе, Германияның Team DSM командасының жейдесін киген неміс спортшысы Никлас Арндт үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал «Аста­наның» көшбасшысы Мигель Анхель Лопес 32-сатыға табан тіреді.

Бөлісу:
«Астана» топ ортада келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар