Білім
1 мин оқу 556

Астрономиядан олимпиада жеңімпазы атанды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы физика-математика бағы&shy;тындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Ерсұлтан Пітебай 12-22 тамыз аралығында өткен International Olympiad on Astronomy and Astrophysics (IOAA) астрофизика және астрономиядан халықаралық олим&shy;пиаданың алтын медаль иегері атанды.</p>

Астрономиядан олимпиада жеңімпазы атанды

Беделді турнирде Қазақстан намысын Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Ерсұлтан Пітебай мен Ахмаджон Табаров қорғады. IOAA мектеп оқушыларының астрономия мен астро­физикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.

15-ші олимпиада Грузияда ұйымдастырылып, 46 елден 250-ге жуық жоғары сынып оқушылары бақ сынасты. Интеллектуалды жарыс әлемнің талантты жастарын бір алаңға біріктіре отырып, олардың астрономия мен жаратылыстану саласындағы жетістіктерін паш етуді көздейді.

АЛМАТЫ

Бөлісу: