Теннис
1 мин оқу 150

Анна Данилина WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен дуэтте америкалық Кливлендте өткен турнирдің ширек финалында жапон-индонезиялық жұп Миа Като мен Алдила Сутджиадиді 6:2, 6:7 (4:7), 10:7 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Анна мен Александра турнирдің егіс көшбасшыларымен - Үлкен дулыға турнирлерінің үш дүркін чемпиондарымен, чехиялық жұп Катерина Синякова мен Барбора Крейчиковамен кортқа шығады.

Бөлісу:
Анна Данилина WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар