Анна Данилина WTA 250 турнирінің финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Жұптық ойындарда үздік нәтиже көрсетіп келген қазақстандық теннисші Анна Данилина америкалық Кливленд кортында WTA 250 сериясындағы турнирде тағы бір титулды жеңіп алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ сайтына сілтеме жасап.</p>
26 тамыз күні таңертең Анна Данилина американдық турнирдің жартылай финалына шыққанын хабарлаған едік. Біраз уақыттан кейін турнирдің ресми сайты 1/2 финал кезеңінде қазақстандық теннисшінің қарсыластары ойыннан бас тартқанын хабарлады. Қарсыластар әлемдегі ең мықты жұптардың бірі - Чехия өкілдері Барбора Крейчекова мен Катерина Синякова болған.
Алдағы уақытта жапондық С.Аояма мен Тайпей өкілі Х.Чан және АҚШ теннисшісі Н.Меличар-Мартинес пен австралиялық Э.Перес арасында кездесу өтеді. Данилина мен Крунич дуэті сол кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.