Ауа райы
1 мин оқу 305

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет синоптиктері алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздің басым бөлігі аз қозғалатын антициклон жотасында болғандықтан, демалыс күндері солтүстік өңірлерде күн жылынады.

«Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, онымен күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2° үсік және тұман сақталады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+35°С, солтүстік-батыста +23+33°С, республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25-тен +23+30°С-қа дейін, орталықта +15+22-ден +20+31°С-қа дейін, шығысында +13+21-ден +20 +28°С-қа дейін көтеріледі, елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32°С, оңтүстік-шығысында +20+28°С.

Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар