Әлем
1 мин оқу 170

Әлемде маймыл шешегін жұқтыру дерегі азайды

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлемде маймыл шешегін жұқтыру 21 пайызға төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Reuters агенттігіне сілтеме жасап.</p>

ДДҰ-ның эпидемиологиялық есебіне сәйкес, 15-21 тамыз аралығында өткен аптамен салыстырғанда ауру 21 пайызға азайған.

«Қоғамдық денсаулық сақтаудың тиімді шаралары мен вакцинацияның арқасында Еуропада індет жұқтыру баяулады», деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус.

Алайда АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырудың жоғарғы өсімі байқалады. Сондай-ақ, дүниежүзілік жағдайлардың 34 пайыздан астамы Америка Құрама Штаттарында екені атап өтілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі 96 елде анықталып, 41 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Бөлісу:
Әлемде маймыл шешегін жұқтыру дерегі азайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар