Қоғам
2 мин оқу 412

72 жастағы жаяу саяхатшы

<p style="text-align: justify;">Ұлытаудан Ақтауға жаяу бет алған Жаңаарқа ауданының тумасы, 72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов осы дүйсенбіде Жымпитыға тоқтады. Саяхатшы Сырым ауданының аумағына кірді дегенді ести салып, біз де жүздесуге асықтық.</p>

72 жастағы жаяу саяхатшы

– Мені көргендердің арасында Гиннес рекордтар кітабына ену үшін арбасын сүйреп шыққан дегендер де болды. Алайда мен бұл сапарға үш мақсатпен шықтым. Қазақстанның тарихи-географиялық орталығы Ұлы­тауды танытуды қазақстандық қол­өнершілерді қолдауды және ең бас­тысы, Қымыз мерекесін насихаттап, оны төл мерекеміз ретінде күн­тізбеге ен­гізуді көздедім, – дейді әуес­қой ұс­та, реставратор Сәрсенбай ата.

«Ұзақ сапарға шығуға екінің бірінің жүрегі дауаламайды, бұл тә­уекелге қалай бардыңыз?» деген сұра­­ғымызға ата: «Көз – қорқақ, қол – батыр» деп тартып отырдым, өзімнің Қазақстаным, ел барда далада қал­маймын» деп нық жауап қайырды.

Әрине, көпті толғандырған «Сапар сәтті аяқталған соң нәтижесі қандай болмақ? Не өзгереді?» деген әлеужелі қолданушыларына Сәрсенбай атаның жауабы жоқ емес.

– Атақ керек десем, бір басымда жетеді. ЭКСПО көрмесінде әртүрлі туындым, металлургияға, жерлес­те­рімнің спорттағы жетістіктеріне ар­нап жасаған бұйымым көп болды. Сол жылы музейге металлургия саласы бойынша қолөнер туындыларым қойылған болатын.

Ал жоғарыда аталған мақсат­та­рымның нүктесі сапарым сәті­мен біт­кен кезде қойылмақ. Прези­ден­­ті­мізге арнайы хат жазып, ел тұр­­­­ғын­дарының Қымыз мерекесіне көз­қа­растары оң екенін, аты аталмай тасада қалған мықты қолөнершілердің еңбегі еленуі керегін, мемлекеттік ті­ліміз ұмыт бол­­май, ұлықталуын назар­ға алуын сұ­раймын, – деді сөзі­нің соңында С.Оспанұлы.

Сәрсенбай қарт алыс сапарға 31 нау­­­­рыз күні аттанса, қазан айы­ның со­­­ңына дейін Ақтау қала­сына жет­пек.

Сапарыңыз оң болсын, саяхатшы ата!

Айжан АМАНГЕЛДИНА

Батыс Қазақстан облысы,

Сырым ауданы

Бөлісу:
72 жастағы жаяу саяхатшы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар