Спорт
1 мин оқу 130

«Тракторға» есе жіберді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Ресейдің Челябі қаласында жалауы желбіреген &laquo;Губер&shy;натор кубогы&raquo; жолындағы жарыстың екінші кездесуінде Нұр-Сұлтанның &laquo;Ба&shy;рысы&raquo; жеңіліс тапты.</p>

«Тракторға» есе жіберді

Екінші кезең басталған бетте елордалық клуб есеп ашты. 21-минутта Никита Михай­листен тамаша пас алған Линден Вэй шайбаны торға дөп түсірді. Десек те, үзіліске дейін алаң иелері нысананы екі мәрте дәл көздеп, алға шықты. Бұл голдардың авторлары – Антон Бурдасов пен Никита Тертышный. Олар 32 және 35-минуттарда мергендік танытты. Үшінші кезеңде Максим Шабанов есеп айырмашылығын қысқартты. Бірақ одан әріге жерлестеріміздің әлі жетпеді. Есеп – 2:3.

Естеріңізге сала кетейік, тұсаукесер кезде­суінде «Барыс» Екатеринбургтің «Авто­мо­билисін» 2:1 есебімен ұтқан еді.

Бөлісу:
«Тракторға» есе жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар