Бокс
1 мин оқу 780

Жәнібек Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы деп танылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан мәлім етті. 

«Сүйінші! Ресми! Бүгін! Тарих жасалды! Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы болды! WBO-ның уақытша әлем чемпионы еді, қарсылас(Андраде) жекпе-жек өткізуден бас тартты. Сөйтті де қазақ автоматты түрде әлем чемпионы атанды! Бүгінге дейін WBO-ның чемпиондық белбеуін ешқандай қазақ та қазақстандық та алмаған. Бұл оқиғаның тарих дегеніміздің себебі осы. Жәнібек Әлімханұлы тарихта. Qazaq style тарихта. Қызықтар енді басталады», деді Берік Сұлтан. D

WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде қазақстандықпен кездесуден бас тартып, келесі дивизионға өту туралы шешім қабылдағаннан кейін, WBO ұйымының қазақстандықты ресми түрде титулдың толық иесі деп жариялады.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар