Экология
1 мин оқу 350

Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

<p style="text-align: justify;">Жексенбі күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 28 тамызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қостанай және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар