Шығыс Қазақстанда көне жәдігерлер көрмесі өтіп жатыр
<p style="text-align: justify;">«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында» сақ дәуірінен сыр шертетін «Шілікті. Патшалар алқабының жауһарлары» атты көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Берел» қорық-музейі мен Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе ұйымдастырған көрмеге Зайсан және Тарбағатай аудандарындағы Шілікті мен Елеке сазы қорымдарынан табылған 400-ден астам құнды жәдігерлер қойылды. Ең құнды деген жәдігерлерді атап айтар болсақ, 2003 жылы «Бәйгетөбе» қорымынан табылған «Алтын адамның» заттары, 1960 жылдары С. Черниковтың жүргізген қазбасы кезінде табылған жәдігерлер, сондай-ақ 2018-2021 жылдардағы зерттеулер нәтижесінде Елеке сазы қорымдарынан табылған алтын бұйымдар.

«Шілікті. Патшалар алқабының жауһарлары» көрмесі музейлер арасындағы әріптестікті дамыту және Шығыс Қазақстан облысының тарихи жерлерін халыққа кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған.