Аймақтар
1 мин оқу 383

Ақадырға алаң сыйлады

<p style="text-align: justify;">Кәсіпкерлердің спорт саласын қолдауға айрықша көңіл бөліп жүретіні қуантады. Мұның өзі ел ішінде бұқаралық спорттың қанат жаюына игі септігін тигізеді деп сеніммен айтуға болады.</p>

Ақадырға алаң сыйлады

Таяуда Шет ауданындағы Ақадыр кентіне «Қазсолар-50» ЖШС-і волейбол алаңын сыйға тартты. Бұл жоба Шет аудандық әкімдігі мен кәсіпорын ара­сын­дағы екіжақты меморандум аясында жүзеге асқан еді. Ақ­а­дыр­­лықтарды қуантқан волей­бол алаңы барлық заманауи та­лаптарға сай келеді. Оның ор­наласқан жері де әуесқойларға аса ыңғайлы: футбол және хоккей алаңдарының жанынан орын тепкен.

Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров бұл игілікті шаруаның дәл Балалар жылы аясында іске асқанына ризашылық біл­дірді. Ол бүгінде аудан кө­ле­мін­де во­лейболға деген қы­зығу­шы­лық­тың зор екенін атап өтті.

– Біздің ауданның балалары қазір спорттың осы түрімен құлшына айналысып, облыстық деңгейдегі түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр, – дейді аудан басшысы.

Ақадыр кентіндегі Ю.Га­га­рин атындағы мектеп-ли­цей­дің 11-сынып оқушысы Са­ламат Сым­батұлы заманауи алаң­ның пай­­далануға бе­ріл­геніне қуа­ныш­ты екенін жет­кізді.

– Волейбол алаңы керемет! Ең бастысы, біз өзіміздің сүйікті ойы­нымызбен алаңсыз ай­налысуға мүмкіндік алдық, деген ол спорт нысанын салып, тарту еткен аза­маттарға ал­ғыс айтты.

Қарағанды облысы,

Шет ауданы,

Ақадыр кенті

Бөлісу:
Ақадырға алаң сыйлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар