Спорт
1 мин оқу 250

Азия чемпионаты Амманда өтеді

<p style="text-align: justify;">Биылғы жылғы ерлер арасындағы бокс&shy;шылардың Азия чемпионатын Иор&shy;данияның астанасы &ndash; Амман қа&shy;был&shy;дайды. Бұл ақпарат Азия бокс кон&shy;&shy;федерациясының ресми сайтында жарияланды.</p>

Азия чемпионаты Амманда өтеді

Дәл осы жарыс осыдан дәл тоғыз жыл бұ­рын Амманда ұйым­дас­тырылған болатын. Сол біріншілікте сарапқа салынған 10 бас жүлденің жетеуін олжалаған жерлес­тері­міз жалпы командалық есепте жеке-дара көш бастаған еді. Атап айтсақ, Теміртас Жү­сіпов (49 кило), Берік Әбдірахманов (60 кило), Мерей Ақшалов (64 кило), Данияр Елеусінов (69 кило), Жәнібек Әлім­ханұлы (75 кило), Антон Пинчук (91 кило) және Иван Дычко (+91 кило) қар­сылас шақ келтірмеді. Одан бөлек, финалда өзбекстандық Ойбек Мама­зулуновқа есе жіберген Әділбек Ниязым­бетов (81 кило) күміс медальды мойнына ілді. Енді жерлестеріміз бұл жолы да сол нәти­жені қайталайды деп үміттенеміз.

Бөлісу:
Азия чемпионаты Амманда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар