Қоғам
1 мин оқу 4,216

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 қап қару-жарақ табылды

<p style="text-align: justify;">Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 қап қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері мен Алматы қаласы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақты тапты. Екі қап қару мен оқ-дәрі Гете көшесіндегі қоймаға жасырылған», деп көрсетті ведомство өкілдері.

Қапта Калашников автоматы, «Штурм» бес рет оқталатын ұңғылы шолақ мылтығы, 9 мм калибрлі газ револьвері, екі граната, әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу: