Теннис
1 мин оқу 170
Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.</p> <p style="text-align: justify;"> </p>
Бублик бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 72-орында тұрған франциялық Юго Гастонмен өткізді.
Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Александр екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен шеберлік байқасады.
Бөлісу: