Елорда
1 мин оқу 280

Елорда әкімі Конституция күнімен құттықтады

<p style="text-align: justify;"><span style="font-size: medium;">Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</span></p>

«Құрметті елорда тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – елдегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ететін жасампаздық пен өркендеудің берік кепілі. Конституция мемлекетіміздің іргесін құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде бекітті.

Негізгі заң қабылданған күннен бастап елімізде халықтың әл-ауқатын жақсартатын маңызды реформалар өткізілді. 5 маусым күні еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституцияға енгізілетін түзетулер азаматтардың мүддесін, құқығын және бостандығын қамтамасыз ететінін, «әлеуметтік әділеттілік – басты құндылық және жаңа қоғамдық келісімнің тірегі» екенін атап өтті.

Конституция күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Бөлісу:
Елорда әкімі Конституция күнімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар