Теннис
1 мин оқу 231

Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық спортшы, &nbsp;әлемнің 38-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.</p>

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен өткізді. Қарсыластар осыған дейін бір рет жолыққан. Онда америкалық спортшы ұтқан еді. Бұл жолы қазақстандық теннисші 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 брейкпен (14 брейк-пойнт) шектелді. Юлия екінші айналымда германиялық Юле Нимайермен кезедеседі.

Бөлісу:
Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар