ANTIKOR
1 мин оқу 4,004

«Еңбек-Қызылжар» кәсіпорнының басшысы парамен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ҚАЖК &laquo;Еңбек&raquo; ШЖҚ &laquo;Еңбек-Қызылжар&raquo; РМК филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Антикорға сілтеме жасап.</p>

«2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды. Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды», делінген хабарламада.

Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Бөлісу:
«Еңбек-Қызылжар» кәсіпорнының басшысы парамен ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар