Президент
1 мин оқу 185

Мемлекет басшысы Қатар Премьер-министрінің орынбасарын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Премьер-министрінің орынбасары &ndash; Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz&nbsp;</a>Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы қыркүйек айында Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының диалог алаңының бірінші отырысын құптайтынын жеткізді.

Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар Әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қатар Премьер-министрінің орынбасарын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар