Аймақтар
2 мин оқу 410

Оңдасын Оразалин қызметінен босатылды

<p class="mt-5" style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылы туған.

1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1985-1986, 1987-1988 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.

1988-1990 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.

1990-1993 ж.ж. - жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.

1993-1999 ж.ж. - «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы

1999-2000 гг. - «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.

2000-2003 ж.ж. - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.

2003-2004 ж.ж. - Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.

2004-2005 ж.ж. - Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.

2005-2006 ж.ж. - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2006-2007 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2007-2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылдың наурыз - қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008-2014 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2014 жылдың мамырында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
 
2019 жылдың ақпан айынан бері Ақтөбе облысын басқарды. 
Бөлісу:
Оңдасын Оразалин қызметінен босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар