Экономика
1 мин оқу 123
Доллар қымбаттады
<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.</p>
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа бағамы 4,10 теңгеге көтеріліп, 472,21 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 28-31 тамыздағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 468,10 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 471,78 теңге, сату – 476,05 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,81 теңгеден сатып алынып, 472,11 теңгеден сатылуда.
Бөлісу: