«Болашақ» халықаралық стипендиясы 84 қазақстандыққа берілді
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақордаға <a href="https://www.akorda.kz/kz/erlan-karin-shetelde-kadrlar-dayarlau-zhonindegi-respublikalyk-komissiyasynyn-otyrysyn-otkizdi-317313">сілтеме</a> жасап.</p>
Комиссия шешімімен магистратура, докторантура, резидентура бағдарламасы бойынша 84 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді.
Отырыс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі талқыланды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылды.
Биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия бөлінді.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.