Петропавлдағы су құбыры құдығында жұмысшы қаза тапты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Құрылыс нысанының жанындағы су құбыры құдықтарын тазарту кезінде 28, 20 және 18 жастағы үш жұмысшы буланудан зардап шекті. Олардың бірі, 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Зардап шеккен екі адам қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды.
Аталған факті ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Тиісті сараптама тағайындалды.
«Істің мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігерлік ұйымдардың кінәсі тексеріледі», делінген Петропавл қаласының полиция басқармасы таратқан хабарламада.