Саясат
2 мин оқу 2,842

Алты Сенат депутаты тіркелді

<p style="text-align: justify;">Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 2022 жылғы 24 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.</p>

Алты Сенат депутаты тіркелді

Отырысқа Парламент Се­натына сайланған депутаттар және бейнеконференция байланысы режімінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты.

Отырысты ашқан комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутат­тарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Парламент депутатының өкі­лет­тігі оны Орталық сайлау ко­миссия­сы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталатынын атап өтті.

«Қазақстан Республика­сын­­дағы сайлау туралы» Консти­туциялық заңға сәйкес Орта­лық сайлау комиссиясы Парла­­менттің сайланған депутат­тарын тіркеуді жүргізеді және әрбір депутатқа белгілеген үлгі­дегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыс етеді.

Осыған байланысты «Қазақ­стан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46 және 82-баптарына және «2022 жылғы 24 тамызда өткізілген Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 56/526 қаулысына сәйкес «2022 жылғы 24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабыл­данды.

Қаулыға сәйкес Сенатқа 6 депутат тіркелді. Оның ішінде: 3 депутат 2017 жылғы 28 маусым­да сайланған депутаттардың өкі­леттік мерзіміне, 3 депутат 2020 жылғы 12 тамызда сайланған де­путаттардың өкілеттік мерзіміне тіркелді. Оның ішінде, Абай облысынан Байахметов Бақыт­жан Кәкенқаджаұлы, 2017 жыл­ғы 28 маусымда сайланған де­пу­таттардың өкілеттік мерзі­міне; Арғынбекова Айнұр Серік­пайқызы, 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне тіркелді. Жетісу облысынан Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мер­зіміне; Сарыбаев Ғалиасқар Төлен­діұлы, 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне, ал Ұлытау облысынан Медебаев Советбек Тұрсынұлы, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне; Шайдаров Серік Жаманқұлұлы, 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депу­тат­тардың өкілеттік мерзіміне тіркелді.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Сенатының тіркелген депутаттарына куәлік­тер мен омырауға тағатын бел­гілерін табыс етіп, сайланған депутаттарға республиканың заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органдағы қызметтеріне табыс тіледі.

Бөлісу: