Білім
1 мин оқу 274

Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа тәсілдері

<p style="text-align: justify;">Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жекеменшік жоғары оқу орындары ректорларымен кездесті. Жиын барысында бизнес қоғам&shy;дастықпен бірлесіп білім беру бағ&shy;дар&shy;ламаларын әзірлеудің жаңа тәсіл&shy;дері мен өңірлік жоғары оқу орындарын да&shy;мыту мәселелері талқыланды. Сон&shy;дай-ақ түлектерді жұмысқа орналас&shy;тыру тетіктері мен жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды.</p>

Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа тәсілдері

Жоғары оқу орындары басшылары уни­верситеттердің қызметін тексеру, жеке­меншік ЖОО арасында кадр даярлауға мемлекеттік тапсырысты тең бөлу мәселе­лерін көтерді. Бұдан бөлек ректорлар жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін норма­тивтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты.

«Университет базасында, әсіресе өңірлік жоғары оқу орындары базасында бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді дамы­ту жөніндегі норманы заңнамалық тұрғы­дан бекіту қажет. Біз академиялық артық­шылық орталықтарын құру жөніндегі жоба шең­берінде өңірлік университеттердің инно­вациялық инфрақұрылымын дамыту мүм­кіндіктерін қарастырамыз. Зерттеу жүргізу үшін ғылыми зертханаларды құрудың уақыты келді. Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша жыл сайын 500 ғалым ше­телдік ғылыми тағылымдамаларға жібе­ріледі. Нақты нәтижелер мен зерттеулер жүргізу үшін ғалымдарға жағдайлар жасалуда», деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ министр өңірлік жоғары оқу орындарын дамытуға, цифрландыруды күшейтуге және ЖОО оқытушылары мен топ-менеджментінің біліктілігін арттыруға баса назар аударды.

Бөлісу:
Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа тәсілдері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар