Әлем
1 мин оқу 380

Молдова президенті халықты газды үнемдеуге шақырды

<p style="text-align: justify;">Молдова президенті Майя Санду Газпром республикаға газ беруді тоқтатуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Газпромның газ беруді тоқтату қаупі бар. Олай болмаған күннің өзінде, газ бағасы шарықтауы мүмкін»,  деді Майя Санду  Vocea Basarabiei радиостанциясына берген сұхбатында. 

Мемлекет басшысы тұрғындарды алдағы суық мезгілде газ тұтынуды барынша азайтуға шақырды. 

«Үкімет халықты қолдау бағдарламасын жариялады. Біз жағдайы төмен тұрғындарға осы қиын кезеңнен өтуге көмектесеміз», деді ол.

Бөлісу:
Молдова президенті халықты газды үнемдеуге шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар