Президент
1 мин оқу 300
Президент жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарын атады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Біздің экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалады - азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуі», деп атап өтті Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарын атады. Олар:
- Жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан кету;
- Бәсекелестікті дамыту, баршаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
- Ұлттық табысты әділ бөлу.
Бөлісу: