Қаржы
1 мин оқу 1,160
Жастарға 2,5 пайыздық шағын несие беріледі
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі», деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал ететінін жеткізді.
Бөлісу: