Теннис
1 мин оқу 270

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚТФ-ға сілтеме жасап.</p>

Дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы, жапониялық Сё Симабукуромен ойнады. Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.

Бөлісу:
Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар