БҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстанда бір күнде екі жол көлік-оқиғасы болды. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Оқиға 31 тамызда таңғы сағат 06.00 шамасында Озинки – Орал автожолының 10-шақырымында орын алған. 34 жастағы жүргізуші Ford Fusion жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай 40 жастағы азаматты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Екінші оқиға сол күні сағат 07.55 шамасында Самара – Шымкент автожолының 446 км-де болған. 46 жастағы жүргізуші Daewoo Matiz көлігін жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 46 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.